Қазақстан Президентінің жұмысына және қызмет бабымен көтерілуіне бастау болған 50-шы жылдардың аяғында ең жігерлі қазақстандықтарды өзіне қызықтырып тартқан Қазақстан Магниткасының құрылысы еді. Теміртауға келген мінез-құлқы мен рух беріктігін көрсетуге мүмкіндігі мол мыңдаған жас құрылысшылар мен металлургтердің арасында Нұрсұлтан Назарбаевтың жүзі жарқын ерен тұлғасы, оның мақсаттылығы мен табандылығы, өзіне талап қойғыштығы, жаңалыққа құмарлығы, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуі сол жылдардың өзінде-ақ жас металлург Назарбаевты болашағы зор көшбасшы ретінде айқындаған еді.

Теміртауға келген сапарында Президент Назарбаев: «Магнитканың тарихы, Теміртаудың тарихы, оның адамдарының тағдыры менің тағдырыммен біте қайнасқан. Егерде менің өмірімде Магнитка мен Теміртау болмаса, мен ешқашанда Президент болмас едім», – деген еді.
1958 жылғы сәуірде БЛКЖО-ның ХIII съезі Қазақстан Магниткасын еліміздің Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылысы деп жариялады.
60-шы жылдардың басындағы Теміртау – бұл қаланың болашақтағы пішіні жастардың қолымен сызылған үлкен құрылыс алаңы еді. Ленин, Бейбітшілік, Құрылысшылар, Комсомол сияқты жаңа көшелер мен даңғылдар пайда болды. Витриналардағы фотосуреттер алып металлургиялық кәсіпорынның құрылысы туралы баяндайды. Залда өткен ғасырдың 50-ші жылдарындағы газеттер мен плакаттар ілінген жарнамалық қысқа бағана тұр. Мұнда «Нұрсұлтан – жұмысшы адам» атты мақаласы бар «Социалистическая Караганда» газетінің орны ерекше. Сондай-ақ витриналарға Қазақстан Магниткасының құрылысшылары бос уақытында пайдаланатын заттары: Н.Назарбаев пен оның курстастары бірігіп сатып алған шахмат; домбыра, сырнай және 1958 жыл үлгісіндегі фотоальбом бар.

1962 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы отбасын құрады. Электронды жиектемелерде Назарбаевтар отбасының студенттік жылдардағы, оқудағы және жұмыстағы әріптестерімен түскен суреттері қойылған. Экранда Қазақстан Магниткасының және жалпы Қазақстандағы қара металлургияның қалыптасуы туралы бейнехроника көрсетіледі.
1960 жылдың 3 шілдесінде металлургия комбинатының домна пешінен алғашқы шойын алынды. Бұл күн Қарағанды металлургия комбинатының туған күні болып есептеледі. Витринаның ішінде Қазақстан шойынының алғашқы құймасы, ерекше оқиға туралы әңгімелейтін «Ленинская смена» газетінің төтенше шығарылымы қойылған. Сондай-ақ, Орталыққа келушілер армирленген жіппен тігіліп, қалың шұғадан жасалған көрікшінің арнайы жұмыс киімін көре алады.