Экскурсиялық-бұқаралық бөлімінің қызметкерлері
Бөлім басшысы-Е.В.Ахметова
Бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру
бойынша нұсқаушы-В.В Сильванович
Экскурсия жетекшілері- К.Тыныбек, Б.К.Ильясова
Музей қараушылары-Б.С. Ажбанова, Е.О.Тимирова
Бөлімнің тәрбие және ағартушылық жұмыстары келушілердің адамгершілік, эстетикалық және мәдени әлеуетін қалыптастыруға бағытталған. Оның басты мақсаты мен негізгі міндеті ұрпақтар сабақтастығын жүзеге асыру, еліміздің рухани құндылықтарын сақтау болып табылады.
Экскурсияны жүргізу

Ағартушылық жұмыстың негізгі түрінің бірі экскурсиялық қызмет болып саналады. Келушілердің жас ерекшеліктеріне қарай экскурсиялар түрлі ақпараттық мазмұнға ие болады. Орталықтағы музей экспозициялары ақпаратты қолжетімді, әрі қарапайым қабылдауға мүмкіндік береді, ал экскурсия жетекшісінің әңгімесі көрген жәдігер туралы ауызша берілген мәнге кеңейтілген ақпараттық мазмұн береді. Өз кезегінде ауызша ақпарат экскурсияға арналған оқиғалардың ерекше бейнесін қалыптастыру арқылы күшейе түседі. Экскурсия мәтінін құру экскурсия жетекшісінен кәсіби әзірлікті ғана емес, терең білімді, сонымен қатар экскурсия қызметкерлерінен біліктілігін үнемі көтерумен жетуге болатын түрлі ақпараттармен жұмыс жасай білуді талап етеді.
Қазақ, орыс және ағылшын тілін меңгеруді көздейтін Қазақстанның бірегей тіл саясаты дегеніміз- Қазақстан халқының бірлігі және оның әлемдік қауымдастыққа бірігу жолы. Қазіргі дүниеде ағылшын тілі іскерлік ортада да, күнделікті қарым-қатынаста да жаһандық маңызға ие.Үштұғырлы тіл саясатын іске асыра отырып, бөлім қызметкерлері экскурсияларды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізеді.
Ағартушылық қызметі

Экскурсиялық-бұқаралық бөлімнің қызметкерлері қатысушыларға заманауи үрдістер мен талаптарды ескеретін, экскурсияларды жүргізу және ұйымдастыру тәсілдерін меңгеру мүмкіндіктерін беретін кәсіби даярлыққа бағытталған оқу семинарларын өткізеді. Оқыту әдістемелігі бағдарламаларды жүзеге асыру және жобалау кезінде экскурсия жетекшісінің шығармашылық әуелеті мен кәсіби тәжірибесін өз ішіне алады.
Бөлім мамандары жұмыстың инновациялық әдістерін қолданады. Олар: ойын элементтері бар экскурсиялар, театрландырылған көріністер, мастер-класстар, музейлік мерекелер, фестивалдар, таныстырылымдар, конференциялар, викториналар, шығармашылық кездесулер. Экскурсиялық-бұқаралық бөлім жұмыстарының ажырамас бөлігі түрлі жастағы аудиторияларға бағытталған тақырыптық мерекелік шараларды өткізу болып табылады. Мұндай іс-шаралар қандай да бір елеулі тарихи оқиғалар мен қала үшін ғана маңызы бар оқиғалар туралы жеңіл де, қызықты түрде толық баяндауға мүмкіндік береді. Бұл шараларды өткізу барысында келушілерді тарихи және әлеуметтік ортамен тікелей байланысқа тарта отырып, бөлім қызметкерлері интерактивті технологияларды, түрлі кино – фотоматериалдарды қолданады, шығармашылық ұжымдарды, белгілі адамдарды қатысуға шақырады. Әлеуметтік бағдарланған ағартушылық сипаттағы музейлік іс-шаралар тыңдаушылардың жасын, білімін, әлеуметтік және кәсіби мәртебесін ескере отырып әзірленеді.
Келушілерге туристік қызмет көрсету
“ЭКСПО-2017 Астана” бүкіләлемдік көрмесін өткізу аясында Мемлекет басшысының өмірбаянымен, сондай-ақ әр жылдардағы тарихи оқиғалармен байланысты Теміртау қаласының мәдени көрікті жерлері бойынша туристік бағыт әзірленді. Оған ауыр индустрияның алыбы – “АрселорМиттал Теміртау” АҚ (бұрынғы Қарағанды металлургиялық комбинаты), Ұлы Отан соғысы жылдары қайтыс болған Теміртаулық жауынгерлерге арналған ескерткіш, соғыс кезіндегі Теміртаудың құрылысының куәгері болған қаланың ескі бөлігі, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті, Металлургтер монументі сияқты маңызды нысандар кірді. Экскурсиялық бағыт – Тұңғыш Президент қаласының пайда болған сәтінен бастап, оның тарихының жаңа парақтарына дейінгі өзіндік шежіресі іспетті.

Билеттердің бағасы:
Жеке бару
Мектепке дейінгі жастағы балалар (5 жасқа дейін қоса алғанда) ақысыз
Оқушыларға 1 билет 100-00 тг
Студенттерге 1 билет 150–00 тг
Ересектерге 1 билет 250-00 тг
Шетелдік келушілерге 1 билет 400-00 тг

Ұжымдық бару
Экскурсия жетекшісінің оқушылармен жұмысы 20 адамға дейінгі топ-500-00 тг
Экскурсия жетекшісінің студенттермен жұмысы 20 адамға дейінгі топ -500-00 тг
Экскурсия жетекшісінің ересек келушілермен жұмысы 20 адамға дейінгі топ- 500-00 тг
Экскурсия жетекшісінің шетелдік келушілермен жұмысы 20 адамға дейінгі топ -600-00 тг

ҰОС ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне,
тыл еңбеккерлеріне, Президенттің қызметтестеріне,
жетім балалар мен тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, тегін
қамқоршылардың қарамағындағы балаларға

Ұйымдармен бірлескен іс-шаралар өткізу
Конференц-зал
– жазғы кезеңде (16.04 – 14.10 дейін) 28570-00 тг
1 іс-шара
– қысқы кезеңде (15.10 – 15.04 дейін) 47700-00 тг

Кино-лекциялық зал
– жазғы кезеңде (16.04 – 14.10 дейін) 346250 тг
1 іс-шара
– қысқы кезеңде (15.10 – 15.04 дейін) 57750-00 тг

Орталық ғимаратында өз фотоаппаратымен суретке түсіру 700 тг