Экспозициялық-көрме бөлімінің қызметкерлері :
Бөлім басшысы- Бисембаев Т. Б.
Әдіскер – Кутлуева В. В.
Дизайнер – Багаутдинова И. Х.
Жүйелік әкімгер – Межитханов И. С.

Экспозициялық-көрме бөлімі көрмелерді ұйымдастырудың тұжырымдамасы мен әдістемелік бағдарламаларын әзірлеумен айналысады, экспозицияларды кезеңдік жаңарту жұмыстарын атқарады, көрмелердің ғылыми тұжырымдамасын әзірлейді және атаулы күндер мен көрнекті тұлғаларға арналған жылжымалы және тұрақты көрмелерді ұйымдастырады.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
• Мемлекеттік архивтердің, ғылыми ұйымдар мен мәдениет мекемелерінің қатысуымен дайындалған тарихи-деректі және мәдени көрмелерді ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;
• көркемсурет, фотосурет, сәндік-қолданбалы өнер көрмелерін өткізу үшін шығармашылық ұйымдарды ынтымақтастыққа тарту;
• жоспарланған көрмелердің көркемдік және кеңістіктік шешімдері;
• көрмелік жобаларды іске асыру.
Көрмелердің түрлері:
1) Тарихи-деректі көрмелер.
Тарихи-деректі көрмелер бір жобаға белгілі бір тарихи кезеңді немесе саяси маңызы бар оқиғаны сенімді және дәл құруға, көзбен көргендей мүмкіндік беретін бірегей архивтік құжаттарды, сол дәуірдің заттай бұйымдарын енгізеді. Мұндай көрмелер, әдетте, кең ауқымды көрермендерге, тарихшы-мамандар мен саясаттанушыларға арналады.
2) Мәдениеттану (археологиялық, этнографиялық) және әлеуметтік-мәдени жобалар. Орталықтың Көркемсурет галереясында ұсынылатын археологиялық, этнографиялық экспозициялар түрлі халықтардың ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын тарихи-мәдени дәстүрлерін насихаттайды.
3)Көркемөнер (сурет, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер) көрмелері. Экспозициялар мәнерлілігінің негізгі әдістері – өнердің құрылымы, үйлесімділігі, материалы, фактурасы, жарықтығы мен түсі, бүтіндігі, негізділігі мен синтезі болып табылады. Олар кәсіби көркемөнер шеберлігінің саласы есебінде ұсынылады. Орталыққа келушілер арнайы әзірленген тақырыптық экскурсиялардың көмегімен қазіргі кезде кең қолданылатын заманауи өнердің әдістерімен егжей-тегжейлі таныса алады.

Ғылыми-ағартушылық қызметі
Ғылыми-зерттеу жұмысы әр түрлі бағыттар бойынша: туған өлкені зерттеуден өнертану мәселелерін шешу, өнер қайрткерлерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеуге дейін алып барылады. Зерттеу нәтижелері тізімдемелерді, жолсілтемелерді, анықтамалықтарды, тарихи мәліметтерді және музейдің жарнамалық өнімдерін дайындауға да қолданылады.
Зерттеудің бір түрі ретінде уақытылы, сенімді және құнды ақпаратпен қамтамасыз ететін мониторинг жүйесі қолданылады.

Ғылыми басылымдар
Экспозиялық-көрмелік бөлімі қызметінің маңызды бағыттарының бірі бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер, дизайн саласындағы кейбір заманауи зерттеулерді жариялау болып табылады. Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында дайындалған басылымдар оқырмандарды өнер және мәдениет саласындағы өзекті оқиғалармен, атақты суретшілермен қатар шығармашылық жолын енді бастаған жас авторлардың жұмыстарымен таныстырады.

Орталықтың залдарын техникалық қамтамасыз ету
Тұңғыш Президенттің тарихи -мәдени орталығы өзінің жұмысында техникалық құралдарды пайдаланудың әлеуметтік маңызды ақпараттың барынша тиімді және ықшам түрге аударылуына ықпал ететін көркемсуретті және деректі фильмдерді көрсету, лекциялық материалдарды ұсыну, музейлік экспозицияларда интерактивті панельдер мен тіреулер сияқты әдістерін қолданады. Ақпараттық технологияларды қолдану, онлайн-кездесулерді, конференциялар мен семинарларды өткізу музейлік қызметті барынша бағалырақ, әржақты және тұлғалы ететін интерактивті қарым-қатынас мүмкіндігін кеңейтеді.