«Қазақстан мәдениеті алып мәдени мұраның ажырамас бөлігі болуы керек.Ол қабылдау жүйесінде түрлі әлем халықтарының мәдени құндылықтарынан айқын ажыратыла білуі керек. Бұл заманауи өнердің барлық түрлеріне-әнге, театрға, киноға, әдебиетке, кескіндемеге тағы басқаларға қатысты. Қазақстандық мәдениет мысалы қытайдың, ресейдің, жапонның, корей халықтарының және т.б. мәдениеттері сияқты әлемге танымал болуы керек. Біз әлемге танымал отыз мәдениеттің қатарына енуге стратегиялық жол бастауымыз керек.»Нұрсұлтан Назарбаев
Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы (Орталық) Теміртау қаласында 2011 жылдың 22 қарашасында Мемлекет Басшысы-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен ашылды.
Орталықтың мақсаты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны арқылы Қазақстанның Тәуелсіздік алуы және ауыр индустрия алыбы-Қазақстан Магниткасының құрылу тақырыптарын ашып көрсету.
Мәдениет пен өнердің объектісі ретінде, Орталық мәдениет саласында мемлекеттік саясатты, мұражай жұмысын, Қазақстан Республикасының тарихын мұражай түрінде көрсетіп, құруды жүзеге асырады. Сонымен қатар, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу және дәстүрлі кітапханалық қызмет көрсету жолдары арқылы білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда ат салысады.
Орталық рухани қалыптасуға, ұлттық тептестікке, қазақстандықтарға рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге, сонымен қатар, ұлттық және әлемдік өнер мен мәдениетке қол жеткізуге бағытталған театрлық-сахналық, концерттік іс-шараларды ұйымдастырады.